12 ақп, 2024 сағат 15:22

Динара Зәкиева Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді

Салтанат Нүкенова. Әлеуметтік желіден алынған сурет

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қоғамды дүр сілкіндерген атышулы істерді жіті бақылап отырғанын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Жақында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы істің соты басталады. Алматыда қаза тапқан 4 жасар баланың соты өтіп жатыр. Ақпанның ортасында Алматы облысындағы 3 жасар егіз бен олардың үлкен әпкесін зорлау ісі бойынша сот басталады. Баршамызды дүр сілкіндірген осындай сұмдық оқиғалар әр жолы бір үлкен мәселенің - әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқанын, жақындарының қолынан қаза тауып жатқанынын көрсетеді.

Күн сайын қылмыс туралы хабарламаларды алып, балалар мен әйелдер бастан кешкен әділетсіздік пен азапты көріп, әлі күнге дейін белгісіз себептермен, ескі және адамгершілікке жатпайтын көзқарастардың салдарынан тұрмыстағы зорлық-зомбылықты ақтауға болатынына сенетін адамдар барын көріп келемін. Кез келген зорлық-зомбылық үшін жаза қайтарымсыз әрі ең қатаң болуы керек.

Қазір Салтанат Нүкенованың ісі бойынша соталды немесе сот процесінде сотталушыны ақтау үшін деректерді қасақана бұрмалауға әрекет жасалмақ деген ақпарат бар. Кейбір адамдар бұл медиа компанияны қолға алып үлгерді. Адамдардың бұған қалай қатысып жатқанын, зорлық-зомбылықты қалай ақтауға болатынын түсіне алмаймын. Бұл іс бойынша әділ сот жазадан құтылу мүмкін емес деген нақты белгі болуы керек.

Әлбетте, зорлық-зомбылықпен күресте қатаң заң керек. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес біз, депутаттар, мемлекеттік органдар қыркүйектің басында заң жобасын дайындадық, қазір ол Мәжіліс талқылауында. Бұл ретте Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің басты факторы қоғамда "заңдылық пен құқық тәртібі" қағидатын сақтай отырып, агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне "мүлдем төзбеуді" дамыту керегін атап өтті. Және бұл әрқайсымызға байланысты.

Азаматша, әйел және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі ретінде мен сот барысын жіті қадағалаймын. Біз қоғам болып әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген жағдайында әділдік іздеуіміз керек", - деді ол.