06 қар, 2023 сағат 18:05

Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы дүниеден озды

Фото: instagram.com/museumkunaev

Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды. Бұл туралы Дінмұхамед Қонаев музейі хабарлады.

"Д.А. Қонаев музейінің ұжымы 1964-1986 жылдар аралығында Дінмұхамед Ахметұлының жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында, 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды. Туыс-туғандарына қаймыға көңіл айтамыз", - деп жазылған музейдің Instagram-дағы парақшасында.