03 мам, 2022 сағат 15:41

Доллар бағамы төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,98 теңгеге төмендеп, 441,64 теңге болды. АҚШ валютасының 30 сәуір мен 3 мамыр аралығындағы ресми бағамы 446,38 теңге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 443,15 теңге, ал сатылым - 446,25 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 440,44 теңгеден сатып алады, 444,50 теңгеден сатады.