23 шіл, 2021 сағат 23:09

Дүниеден өткен Сатыбалды Нарымбетов фильмінің түсірілімін оның ұлы аяқтамақ


Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың тапсырмасы бойынша «Қазақфильм» киностудиясына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов пен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлиев ресми сапармен келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Cұлтан қаласынан келген делегация шілденің 8-і күні өмірден өткен режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Жаңғырық» кинокартинасына қатысты бірқатар мәселелерді талқылау үшін киногерлермен кездесті. 

Кездесудің негізгі мақсаты – «Жаңғырық» фильмін аяқтайтын қоюшы-режиссерді бекіту бойынша түпкілікті шешім қабылдау. 

Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинодраматург, «Жаңғырық» фильмінің тең сценарий авторы Нұрлан Санжар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Қалымбетов, режиссер Томаш Тот, Сатыбалды Нарымбетовтың ұлы Асқар-Мұхит Нарымбетов, «Қазақфильм» киностудиясының басшылығы және басқа киногерлер қатысты. 

Талқыланатын мәселелер бойынша ой қосу үшін КСРО Халық әртісі, ҚР Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов және «Жаңғырық» фильмінің қоюшы-операторы, режиссердің кіші ұлы Ескендір Нарымбетов ZOOM арқылы кездесуге қосылды. 

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешов кездесудің барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтың өлімі бүкіл қазақ мәдениеті үшін орны толмас қаза екенін атап өтті. 

- Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова фильмнің қоюшы-режиссері ретінде марқұм режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың ұлы Асқар-Мұхит Нарымбетовты ұсынғанын жақсы білесіздер. Осыған байланысты біз бүгін сіздермен бірге түпкілікті шешім қабылдау үшін жиналып отырмыз, өйткені Сатыбалды Нарымбетовтың мұрасы аяқталуы тиіс, - деді вице-министр. 

Мен бүгін осы маңызды мәселені талқылауға жиналғанымызға өте қуаныштымын. Сатыбалды Нарымбетовтың ұлдары әрдайым әкесімен бірге болған және жобаның барлық егжей-тегжейін жақсы біледі, барлық материалдарды біледі. Сондықтан мен Асқар-Мұхиттың режиссер болғанын қолдаймын, - деп КСРО Халық әртісі, киностудияның көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов лебізін білдірді. 

Сатыбалды өмір бойы ұлдарына кино өнеріне деген сүйіспеншілікті сіңдіріп, әбден дайындады. Біреуін оператор, екіншісін режиссер қылып тәрбиеледі. Олар Нарымбетовтың балалары ғана емес, оның шәкірттері де, сондықтан да ұлдары әкесінің бастаған ісін лайықты аяқтайтынына сенімдімін, - деді, жазушы Смағұл Елубаев. 

Zoom арқылы сөз сөйлеген Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов министр Ақтоты Райымқұлованың қоюшы-режиссер Асқар-Мұхит Нарымбетовті тағайындау туралы ұсынысын қолдайтынын айтып, фильмнің лайықты болатынына сенім білдірді. 

Біз сценарийді төрт жылда жаздық, ол толығымен дайын. Менің ойымша, Асқар