25 нау, 2022 сағат 15:51

EL ARNA теларнасы жаңа форматта шығады


27 наурыз күні EL ARNA туған күнін тойлағалы отыр. Алғашқы отандық киноканал 5 жыл бұрын құрылды. Сол кезден бері телеарна көрермен назарына қазақстандық және әлемдік кинематографтың үздік туындыларын ұсынып келеді.

Жуырда EL ARNA телеарнасы хабар таратудың жаңа форматына көшуді жоспарлап отыр. Эфир мазмұны енді жастар аудиториясына арналады. Сүйікті көрерменге телеқойылымдар мен кинодан басқа, танымдық жанрдағы 17 жаңа тележоба ұсынылады. Олардың қатарында TED Talks, викториналар, ток-шоулар, киберспорт және IT-технологиялар туралы телебағдарламалар да бар. Телеарнаның сайтын да көптеген өзгерістер күтуде.       

Бүгін туған күнін тойлағалы отырған EL ARNA көрермендеріне арнап Instagram желісінде байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін:

@elarna_tv арнасының парақшасына тіркелген болуыңыз қажет;

Бейнеқұттықтауды өз парақшаңызға жүктеп, #Еларна5жыл хештегін белгілеген жөн.