04 қар, 2020 сағат 13:58

Еліміздегі ауруханаларды емдеу орындарымен жасақтау деңгейі қандай?

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният еліміздегі ауруханалар қай деңгейде толықтырылғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі ауруханаларда 14 903 орын жасақталды, оның ішінде 12 767-сі - инфекциялық, 7 136-сы - карантиндік. Ал реанимациялық орындар саны 1245», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, еліміз бойынша аталған орындардың толықтыру деңгейі 15 пайызы шамасында немесе 2944 орын науқастарды емдеумен қамтылған. Инфекциялық стационарларда толықтыру деңгейі - 20 пайыз. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында жоғары, яғни толықтыру деңгейі 37 пайызды құрады. Ал Батыс Қазақстан облысында осы көрсеткіш 30 пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында да 30 пайыз шамасында.

«Реанимациялық төсектер 17 пайызға (213 төсек) толтырылған, СҚО-да 38%, ШҚО-да 29%, Нұр-Сұлтан қаласында 28 пайызында науқастар жатыр», - деді Ажар Ғиният.