24 қаң, 2022 сағат 18:05

Елордада мешіттер қалай жұмыс істеп тұр?


Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттердің жұмысы туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала мешіттері стационарлық режимде жұмыс істеп жатыр. Құлшылық жасалып жатыр, бірақ жамағаттың қатысуынсыз. Сондай-ақ, әзірге жұма намаз және ас беруге де рұқсат жоқ», - Нұр-Сұлтан қаласы дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып. 

Одан бөлек, басқарма басшысы халық тарапынан вакцинаға қатысты сұрақтардың жиі келіп түсетінін айтты. 

«Біздің мамандар сұрақтарды бағыттар бойынша бөліп қарастырып, жауап беріп жатыр. Жиі қойылатын сұрақтың бірі Құран кәрімде вакцинаға қатысты не айтылған, рұқсат берілген бе? Шариғатта екпеге қатысты қарсы ештеңе айтылмаған», - дейді ол.