Фото: polisia.kz
Елордадағы сауда үйлердің бірінде ұрлық жасаған адам бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша сауда үйлердің бірінде белгісіз ер адамның өзінің ескі күртесін шешіп, дүкеннің жаңа күртесін киіп, сыртынан өз күртесін қайта жамылып, оқиға орнынан ізін суытқаны мәлім болды.
Осылайша жәбірленушіге 80 мың тенге көлемінде шығын келтірген. Дүкен қызметкерлері тауардың жоғалғанын анықтап, полицияға жүгінді.
Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтап, жедел түрде қолға түсірді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қаласы Полиция департаменті сауда нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарға адалдық танытып, заңды бұзбауға шақырады. Сонымен қатар, сауда орталықтарының басшыларына қауіпсіздік жүйелерін күшейтуді және тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуді ұсынады.