17 қаз, 2022 сағат 13:39

Головкиннің vRINGe.com рейтингіндегі орны белгілі болды


vRINGe.com интернет-журналы рейтингіне өзгеріс енгізді. Ол екінші орта салмаққа да әсер етті. Ал бұл салмақта Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шығып еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Олардың жекпе-жегі 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтті, бірауыздан қабылданған шешім бойынша мексикалық жеңіске жетті. Осыдан кейін Головкин үшінші орыннан төртке түсті. Ал тізімдегі көшбасшы - "Канело".

1. Сауль "Канело" Альварес (Мексика)

2. Калеб Плант (АҚШ)

3. Давид Бенавидес (АҚШ)

4. Геннадий Головкин (Қазақстан)

5. Джон Райдер (Ұлыбритания)

6. Давид Моррель (Куба)

7. Лерроун Ричардс (Ұлыбритания)

8. Карлос Гонгора (Эквадор)

9. Кристиан Мбилли (Франция)

10. Дэниэл Джейкобс (АҚШ)