11 сәу, 2022 сағат 10:39

Ғарышкер Crew Dragon ғарыш кемесі мен ХҒС түйіскен сәтті көрсетті


"Роскосмос" ғарышкері, бортинженер және Халықаралық ғарыш станциясының блогері Олег Артемьев SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) түйіскен сәтті видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол видеоны Instagram желісінде жариялаған.

Еске салайық, жұмада бизнесмендер Ларри Коннор, Марк Пати және Эйтан Стиббе Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен Crew Dragon кемесіне мініп ғарышқа ұшқан болатын. Әрқайсы 55 миллион доллар төлеген туристермен NASA-ның бұрынғы астронавты Майкл Лопес-Алегрия ұшқан.