09 сәу, 2022 сағат 09:34

Иманбек америкалық әншімен жаңа трек шығарды


"Грэмми" сыйлығының иегері, қазақстандық саунд-продюсер Иманбек Зейкеновтің америкалық әнші Salem Ilese-пен бірлескен композициясы жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Married to your melody деп аталатын тректі түрлі платформада тыңдауға болады. Иманбек Instagram-дағы парақшасында 29 секундтық үзіндісін жариялады.

Еске салайық, 7 сәуірде Иманбек Зейкенов Rahmet World Tour атты әлемдік тур өткізетінін жариялады. Қазақстандықтың концерттері Еуропа мен Америка қалаларында болады.