14 сәу, 2022 сағат 13:17

Иран мен Қазақстанның арасына әуе рейстері қайта ұшады


Ираннан Қазақстанға әуе рейстері қайта жанданады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«20 сәуірден бастап ирандық «Kish Air« әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық ұшуды орындауды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады», - делінген хабарламада. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.