25 қыр, 2022 сағат 08:57

Қарағандыда ресейлік нөмірлі көлік мінген белгісіз біреулер атыс шығарған

© ekaraganda.kz

Әлеуметтік желіде 23 қыркүйекте Қарағандыда болған атыс түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі eKaraganda сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, белгісіз біреулер жергілікті тұрғынның өміріне қастандық жасап, кейін көлікпен қашпақ болған. "Лада" көлігі қала сыртында табылды. Ал күдіктілердің бірі тұтқындау кезінде полицейді жаралаған.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда "Лададан" тұрақтан шығып келе жатқан BMW X6 көлігіне қалай оқ атылғаны көрсетілген. Атыстан кейін BMW жүргізушісі жолға шығып кетеді. "Лада" осы уақытта қашпақ болып, жолда келе жатқан Toyota Avensis көлігіне соқтығысады.

Жол-көлік оқиғасына тап болған Toyota Avensis жүргізушісі оқиғаның куәгері болыпты. Ол көргенін айтып берген.

"Лада" көлігі мені соққан уақытты нақты білемін. Сағат 11.27 болған. Сол кезде соқтығыс болды. Мен Шахтеров даңғылымен емханаға келе жатқанмын. Жақындап, баяу жүріп келе жаттым. Жаяу жүргіншілер өткеліне жетпей, BMW шықты. Содан кейін оң жақтан сұр "Лада" шығып, менің көлігімді соқты. Содан кейін "Лада" оқиға орнынан қашып, "Магнумға" қарай бет алды. Олардың нөмірлері сол жерде қалды", - деді Гүлнар.

Әйел атыс сәтін көрмеген, бірақ қатты дыбыстарды жақсы естіген.

"Ол көлікке соңына дейін қарадым. Нөмірін есте сақтауға тырыстым. Сосын полицияға қоңырау шалдым. Қарағандының түкпір-түкпірінен полиция келді. Тек жол полициясы ғана емес, басқа бөлімшелер де келді. Ол "Ладаның" нөмірлері ресейік. Жүргізушінің сақтандыруы, әрине, жоқ шығар", - дейді әйел.

Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі жол апаты дерегіне қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Тергеу, соның ішінде жол-көлік оқиғасы қылмыстық іс аясында жүргізілетіні айтылды.