06 қар, 2023 сағат 17:31

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"6 қарашада Алматы - Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр" - делінген хабарламада.