Фото: Zakon.kz
Миллиардер қаржы институтының 97,5 пайыз акциясын сатып алуға ресми ниет білдірген. Ол бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш жолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Әшкере" телеграм арнасы.
Кимнің айтуынша, мәміле Kaspi.kz-пен байланысы жоқ жеке бастама және оған қатысты шешімді реттеуші орган 50 жұмыс күні ішінде қабылдауы тиіс.
Jusan Bank-тің саудаға қойылғаны туралы қауесет ақпан айының басында тарап кеткен еді, дей тұрғанмен, Кимнің өзі де, меморгандар да ақпаратты растауға асықпаған. Алдағы уақытта мәміленің нақты шарттары мен банк міндеттемелерінің қалай орындалатыны белгілі болмақ.
Өз кезегінде сарапшыларды "2017–2020 жылдары Jusan Bank-тің мемлекеттен алған 1 трн теңгеге жуық берешегін кім қайтарады?" деген сұрақ мазалап отыр.