12 мам, 2025 сағат 13:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу-Дабидің Тақ мұрагерін қарсы алды

Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.