05 там, 2019 сағат 20:02

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Дональд Трампқа көптеген жазықсыз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айттым: АҚШ үшін мұндай қайғылы сәтте Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысына ортақтасады. Сізге шынайы қайғырып, көңіл айтамын, Президент мырза», - деп жазды Қазақстан Президенті өзінің Твиттердегі парақшасына.

Еске сала кетсек, 3 тамызда Техастағы Эль-Пасо сауда үйінде болған атыстан 19 адам ажал құшып, 22 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде кішкентай балалар да бар.

Ал жексенбіге қараған түні Американың Дейтон (Огайо штаты) қаласында атыс болып, кем дегенде тоғыз адам қаза тапты және 16-сы жарақат алды.