25 қыр, 2021 сағат 15:24

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға сапары жайлы жаңа деректі фильм шықты


ҚР Президентінің телерадио кешені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары жайлы жаңа фильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында стратегиялық серіктестік мығым іргетасы қаланған. Екі елді тек экономикалық ынтымақтастық қана емес, сонымен бірге көп жылғы ортақ тарих та біріктіреді. Елдер болашаққа көз сала отырып, барлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Қазақстанға Оңтүстік Корея тарапынан инвестиция көлемінің арта түсуі бұған дәлел бола алады. Автомобильдің өндірістік базасын құру, цифрлық экономикаға инновация, мәдени байланыстарды кеңейту – бұл «Ынтымақтастықтың «самал желі». Мемлекет басшысының Корея Республикасына сапары қорытындысы бойынша ҚР Президентінің телерадио кешені түсірген жаңа фильмді YouTube-арнамыздан көріңіздер», - деп хабарлады ҚР Президентінің телерадио кешені Facebook парақшасында