26 қыр, 2022 сағат 13:37

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзарды


Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі тағы ұзарды. Бұл туралы Астана соты хабарлады.

"2022 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастаған болатын. Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.