Фото: видеодан скриншот
Мемлекет қаражатын жымқырып, сотталған Қайрат Сатыбалды тұрған үйдің медициналық-психологиялық орталыққа айналғанына 6 ай болды. Қазір бұл жерде ерекше балалар тәрбиеленіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген зәулім үй бір гектар жерде орналасқан. Бұл аумақтың ішінде екі коттедж бен бассейн кешені бар. Үлкен қоршаумен қоршалған үйдің айналасы қалың ағаш. Қазір бұл үй ерекше балаларға арналған медициналық психологиялық-педагогикалық түзеу нысаны ретінде жұмыс істеп тұр.