Фото: Pexels.com
Елімізде импортты алмастыру және бәсекелестік артықшылықтарды арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып келеді. АӨК-ті жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін беріп, Қазақстан бүгінде ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге күш салып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруға ұмтылуда, деп хабарлайды Ult.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.