25 қаң, 2022 сағат 15:56

Қазақстан Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаражат бөлді?


«Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков ақпан айында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бейжің Олимпиадасына 250 млн теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарланған. Алайда, бұдан да аз сома – 220 млн теңге жұмсалуы мүмкін, өйткені ұйымдастырушылар делегациялардағы қатысушылар санын қысқартып жатыр», - деп түсіндірді Андрей Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, жазғы Олимпиада қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген тексерулер ҰОК жұмысында қаражатты жымқыру, мақсатсыз пайдалану және осыған ұқсас оқиғалар болмағанын көрсетті.

«Кейбір процедуралық бұзушылықтар бар және бюрократиялық тұстар анықталды және сыбайлас жемқорлық сын-қатерлерін болдырмау үшін барлығы реттелді», - деді Крюков.