24 нау, 2022 сағат 09:34

Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды


Қазақстан дүниежүзіндегі ең бақытты елдер рейтингінде ТМД елдерін басып озып, 40-орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі World Happiness Report сайтына сілтеме жасап.

Рейтингте 2019 жылдан 2021 жылға дейін жүргізілген ауқымды сауалнаманың орташа нәтижесі көрсетілген. Бақыт туралы сауалнамаға дүниежүзінің 9 миллионнан аса тұрғыны қатысты.

Финляндия бесінші жыл қатарынан ең бақытты ел атанып отыр. Үздік ондықта: Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия.

АҚШ 16-орында, Ұлыбритания - 17, БАӘ 24-орында. 

Қазақстан ТМД елдерін басып озды. Былтыр үздік болған Өзбекстан 53-орында, 62-орында Молдова Республикасы, Қырғызстан 64-орында, Беларусь 65-орында, Ресей 80-орында, Армения 82-орында, Тәжікстан 83 және Әзербайжан 92-орында.