09 ақп, 2025 сағат 11:30

Қазақстанда 41 мыңнан астам адам қатерлі ісікпен ауырып жүр: басым бөлігі – әйелдер

Фото: Pexels.com

Астанада Ұлттық онкология орталығында арнайы брифинг өтіп, дәрігерлер мен сарапшылар елдегі онкологиялық аурулардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаевтың мәліметінше, соңғы 20 жылда Қазақстанда қатерлі ісік ауруының көрсеткіші 29,4%-ға артқан.

«Мәселен, 2004 жылы 29 157 қатерлі ісік ауруы тіркелсе, 2024 жылы 41 293 жағдай анықталды. Жынысына қарай бөлінетін болсақ, әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауырады. Әйелдер арасында ауруды анықтау көрсеткіші 43% болса, ерлерде 57% құрайды», - деді Жандос Бүркітбаев.


Дәрігерлер мұндай жағдайды сүт безі қатерлі ісігінің көп таралуымен байланыстырды.

Қазақстандықтар арасында кең таралған онкологиялық аурулардың қатарына мыналар жатады:

  • 1-орын – сүт безі обыры – 13,7% (5 652 жағдай);
  • 2-орын – тоқ ішек обыры (колоректальды қатерлі ісік) – 9,8% (4029 жағдай);
  • 3-орын – өкпе обыры – 9,3% (3833 жағдай).

Қатерлі ісіктің жиі кездесетін себептері: темекі шегу, семіздік, вирустар мен бактериялар, ультракүлгін сәулелер, алкоголь және химиялық карциногендер.