17 ақп, 2025 сағат 12:11

Қазақстанда бір адам қанша SIM-карта қолдана алады?

Фото: Comnews.ru

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бір азаматтың SIM-карта санына шектеу қою мәселесін қарастырды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Алаяқтықтың алдын алу үшін бір жеке тұлғаға 10 SIM-карта тіркеуге рұқсат етіледі. Егер SIM-карталарды қолдану мақсатына қатысты құжаттар байланыс операторына ұсынылса, олардың санын көбейтуге болады", – делінген хабарламада.


Құқық қорғау органдарының ұсынысымен заң жобасында SIM-карталарды тіркеу тәсілдерін кеңейту мәселесі талқылануда.

Сонымен қатар, жобада GSM шлюздерін заңсыз пайдалануға қарсы шаралар қарастырылып, жеке тұлғаның өз нөмірін үшінші тұлғаға қайта шығармайынша беруге тыйым салу ережесі енгізілген.