28 шіл, 2022 сағат 18:28

Қазақстанда доллар мен рубльге сұраныс төмендеді


Ұлттық банк маусымда қаржы нарығындағы жағдай туралы айтты. Осылайша, қазақстандықтар арасында доллар мен рубльге деген сұраныс былтырғы маусыммен салыстырғанда үш еседен аса төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰБ мәліметінше, маусымда теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 425,41 – 470,24 теңге аралығында өзгерген. Бұл ретте маусымда халық нетто-негізде 91,5 миллиард теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алған. 

"Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 2,7 есе төмендеді (2022 жылғы мамырда – 249,7 миллирад теңге), 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (237,0 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 2,6 есе төмендеді", - делінген хабарламада.

Шығыстардың негізгі көлемі 46,4 пайыз немесе 42,4 миллирад теңге – доллар, 16,4 пайыз немесе 15,0 миллирад теңге – Ресей рублі, 36,7 пайыз немесе 33,6 миллирад теңге еуроны сатып алуға бағытталғаны айтылды.

"Валюта түрлері бойынша бөлгенде бір айда АҚШ долларын сатып алуға арналған шығыстар 4,9 есе төмендеді (төмендеу 3,6 есе жылдан жылға), Ресей рублін сатып алуға арналған шығыстар 5,7 пайызға өсті (төмендеу 3,5 есе жылдан жылға) және еуроны сатып алуға арналған шығыстар 31,0 пайызға өсті (өсу 15,1 пайыз жылдан жылға)", - делінген хабарламада.