Фото: ҚР Цифрлық даму министрлігі
Цифрлық даму министрлігі мен Starlink компаниясы спутниктік интернет қызметін Қазақстан аумағында ресми іске қосу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Енді азаматтар Starlink спутниктік терминалдарын заңды түрде сатып алып, пайдалана алады. Сондай-ақ, елдің заңнамасына сәйкес тіркей алады.
Терминалдардың сатылымы осы жылдың үшінші тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр.
Starlink спутниктік интернетіне қосылу арнайы пайдаланушы құрылғылары арқылы іске асады. Қазір жеке пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібін қоса алғанда, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр.