29 шіл, 2022 сағат 08:45

Қазақстанда тағы 3 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған


Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 095 адам тіркелді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 344 360-қа жетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 918,
  • Алматы қаласында - 694,
  • Шымкент қаласында – 78,
  • Ақмола облысында – 119,
  • Ақтөбе облысында – 47,
  • Алматы облысында - 101,
  • Жетісу облысында - 129,
  • Атырау облысында - 76,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 25,
  • Абай облысында - 55,
  • Жамбыл облысында - 121,
  • Батыс Қазақстан облысында - 87,
  • Қарағанды облысында - 327,
  • Ұлытау облысында - 35,
  • Қостанай облысында - 55,
  • Қызылорда облысында - 63,
  • Маңғыстау облысында - 36,
  • Павлодар облысында - 67,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 40,
  • Түркістан облысында - 22.

Сондай-ақ 29 шiлдедегi мәлімет бойынша, елде 24 285 адам коронавирус инфекциясынан (–24 080+ және 205 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 490 пациент стационарда, 22 795 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

36 адамның жағдайы ауыр,

12 пациенттің жағдайы өте ауыр,

5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.