23 сәу, 2024 сағат 18:27

Қазақстанда тасқын суды қалай пайдаланады?

фото: ҚР ТЖМ

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева Қазақстанда тасқын суды қалай пайдаланатынын айтты деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Қазсушар" мекемесінің Атырау облысы бойынша филиалы Жайық өзені арқылы келетін тасқын суын Каспий теңізіне бағыттау үшін қосымша 14,5 шақырым канал қазып жатыр. Бұл Атырау қаласы арқылы өтетін су көлемін азайтуға мүмкіндік береді. 
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінен Қамыс-Самар көлдеріне су жібере бастады. Айта кету керек, бұл көлдерге соңғы 20 жылда су бармаған", -дейді маман.