25 қыр, 2022 сағат 14:08

Қазақстандық БАҚ DDОS шабуылдары туралы мәлімдеді

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Бірқатар қазақстандық ақпараттық басылым өздерінің веб-сайттарына кіруге қатысты мәселелер туғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Бірнеше ақпараттық агенттік пен олардың пайдаланушылары жаңалықтар сайттарына кіру қиындап, кей сайт баяу ашылса, кейбір сайт ашылмай жатқанын, сайттағы ақпаратқа қол жеткізу мәселелеріне тап болғанын жариялады.

Toppress.kz сайты DDОS шабуылдары туралы ескертті.

"Құрметті оқырмандар! Біздің мамандар сайтқа кіруді қалпына келтірді, бірақ ол үзіліспен жұмыс істеп тұр! DDOS-шабуыл шетелден жасалған секілді. Сайтқа кірудегі техникалық ақаулар Қазақстаннан иммигранттардың үлкен ағыны туралы материалдар жарияланғаннан кейін басталды.

Біз сіздерді Қазақстанның және әлемнің күн тәртібінен хабардар етіп отыруды жалғастырамыз!

Түсіністік танытқандарыңызға рахмет", - деп хабарлайды БАҚ ресми Telegram-каналында.

Newtimes.kz редакциясы бұл мәселені зерттеп жатқанын жариялады.

"Қазіргі уақытта кейбір ресурстар жұмыс істейді, бірақ үзіліспен. Бір қосылса, бір қосылмай, арасында мүлдем тоқтап қалып жатыр", - делінген хабарламада.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.