25 қаң, 2022 сағат 09:25

Қазақстандық "Не кипишуй" командасы КВН-нің жоғарғы лигасына жолдама алды


Ойындары "Бірінші арнада" көрсетілетін КВН жоғары лигасына 25 команда шықты. Олардың қатарында Нұр-Сұлтанның қазақстандық "Не кипишуй" командасы да бар. Бұл туралы команда мүшесі Ернар Сакупов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ернар Сакупов былтыр "Не кипишуй" командасына шақырылған. Оның өзі Атыраудан, бұрын қазақша КВН-де өнер көрсеткен.

"Мені командаға ерекшелік қосу үшін шақырды. Негізі, команда мүшелерінің көпшілігі орыс тілінде акцентсіз сөйлейді, ал мен орыс тілін жақсы білмеймін. "Не кипишуй" командасы - Қазақстандағы КВН жоғары лигасының чемпионы. 2020 жылдың чемпиондары. Соған байланысты оларды Сочиге жіберген, 2021 жылы бірінші лигаға жолдама алды. Алдымен жоғарғы лига, содан кейін Премьер-лига және үшінші маңыздылық жағынан - бірінші лига. Біз - бірінші лиганың 2021 жылғы чемпионымыз. Уфа қаласында олар жеңіске жетті. Мен командаға 1/8 финалда қосылдым. Бірінші лиганың бүкіл 27 жылдық тарихында қазақтар бірінші рет жеңіске жетті", - деді Ернар Сақыпов.

Осы жеңістен кейін команда "КиВиН-2022" Сочи фестиваліне аттанған.

"Бірінші турда олар "Күн үздігі" болды. Бұған дейін де бірде-бір қазақстандық команда "Күн үздігі" болмаған екен. Екінші турда сценарийді 70 пайызға қайта жазып, сол жерден бізді жоғарғы лигаға шығарды. Жоспар көп, бұл қарапайым естіледі, бірақ жоғарғы лигада жеңіске жетуді қалаймыз.

Қазір демеуші мәселесі туып тұр. Мәдениет және спорт министрлігі қолдаса жақсы болар еді. Біз өз қаржымызға шығып жүрміз", - деді ол.

17 ақпанда Мәскеудегі Ресей армиясының орталық академиялық театры сахнасында командалар өнер көрсетеді деп күтіледі.