07 сәу, 2022 сағат 09:25

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?


Қазақстандықтар 2022 жылғы мамырда үш мерекені атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні.

1 мамыр жексенбіге келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады.

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады. Ал қазақстандықтар 9 мамыр - Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады.

Осылайша, демалыс күндерінің жалпы саны мамырда бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, алты күндік жұмыс аптасы үшін сегіз күн болады.