23 қыр, 2021 сағат 16:26

Қазақстанның қай қалаларында цифрлық құжаттар сервисі бар?


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында Қазақстаның қай өңірінде цифрлық құжаттар сервисі бар екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанның тағы бір әуежайында цифрлық құжатты қолдану мүмкіндігі пайда болды. Енді Түркістан әуежайында жеке мәліметтерді растау үшін Egov Mobile қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлікті пайдалануға болады.

Бұл жұмысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге атқарып жатырмыз. Бұл орайда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа алғыс айтамын. 

Пилоттық тәртіпте іске қосылған цифрлық құжаттар сервисі қазір бірнеше қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Түркістанда қолжетімді», - деп жазды министр парақшасында.