25 қыр, 2022 сағат 14:11

"Қазақтелеком" бірқатар БАҚ-қа шетелден шабуыл жасалғанын растады


"Қазақтелеком" бірқатар қазақстандық ақпараттық ресурқа шетелден DDOS-шабуыл жасалғанын растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Компания мәліметінше, шабуыл 24 қыркүйекте тіркелген.

"Қазір біз маршруттарды қалпына келтіру және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл кейбір сыртқы интернет-ресурстарға кіру жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жұмысты жақын арада аяқтау жоспарланып отыр", - делінген байланыс бөлімі таратқан хабарламада.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін өз абоненттерінен кешірім сұрады.