14 қыр, 2022 сағат 14:13

"Қазатомөнеркәсіпке" жаңа басшы тағайындалды


Ержан Мұқанов "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық ядролық компаниясының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Қазатомөнеркәсіптің" директорлар кеңесі компанияның басшысы етіп басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ержан Жанәбілұлы Мұқановты бекітті. Ол бұл қызметте шілде айының басынан бері жұмыс істеп келеді", - делінген хабарламада.

Мұқановтың Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында арнайы байыту әдістері және гидрометаллургия зертханасының инженері қызметінен бастап, атом өнеркәсібіндегі әртүрлі лауазымдарда 23 жылдан аса еңбек өтілі бар екені атап өтіледі.