11 мау, 2025 сағат 15:12

«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

Фото: ашық дереккөз

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып Бекежан Жакеев тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұған дейін ол «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, «Қазпоштаның» бұған дейінгі басшысы Әсел Жанасова Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалған болатын.