03 мам, 2022 сағат 14:30

"Хабар 24" телеарнасының директоры тағайындалды


Айгүл Әділова "Хабар 24" телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Айгүл Нұрханқызы - елімізге белгілі тележурналист, тәжірибесі мол, жоғары білікті маман. Еңбек жолын Ақтөбеде бастап, «Рика ТВ», «Астана» телеарналарында, «Қазақстан» РТРК облыстық филиалында тілші, жаңалықтар жүргізушісі қызметтерін атқарды. Кейін «Евразия» бірінші арнасының» тілшісі, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі ретінде танылды. «Хабар» агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асты. Тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік етті. БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы атанды", - деп жазды ол Facebook парақшасында.