04 жел, 2024 сағат 17:15

"Халыққа қатысатын бюджет" жобасы бойынша абаттандырылған алаңдар мен аулалар Алматы тұрғындарын қуантады


«Халық қатысатын бюджет» қаланы өзгертті - аулалар мен көшелер жайлы, әрі таза.

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қалалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қала тұрғындары осы өзгерістердің арқасында аулалар мен алаңдар заманауи және жайлы бола түсетінін атап өтті.
Әуезов ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша биыл 57 жоба іске асырылатын болады, оның ішінде 41 аула абаттандырылады. Абаттандыру жұмыстарына жолдарды жөндеу, көгалдандыру және жаңа демалыс аймақтарын құру кіреді. Жобалар Алматыда өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.