03 мам, 2022 сағат 13:49

Халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге жұмсалады


2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлығы белгіленген. 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге бағытталған», - деді Үкімет басшысының орынбасары «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кеңес барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында ел Үкіметі қабылдаған 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша 3 негізгі бағытта жұмыс жүргізеді. 

Межелі жылға дейін елімізде 2 млн жұмыс орны құрылады.