29 қар, 2022 сағат 19:25

Көктал-1 тұрғын алабында газ беру толық қалпына келтірілді - әкімдік


Елорда әкімдігі Көктал-1 тұрғын алабында газ беру толық қалпына келгенін хабарлады.

"Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Көктал-1 тұрғын алабының барлық абонентіне газ беру толық қалпына келтірілді. 

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Барлық үш газ реттегіш пункт шкафтары штаттық режимде жұмыс істейді" - делінген әкімдіктің ресми сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, "Көктал-1" тұрғын алабының абоненттері үшін газ беру 28 қараша сағат 18:40-та "ГАЗОВИК" ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуіне байланысты орташа қысымды газ құбыры зақымданғаннан кейін тоқтатылған.

Газ құбырын жөндеу кезінде "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған штаб 50 абонентке көмір тасымалдауды ұйымдастырды.