15 там, 2020 сағат 12:33

Коронавирус: 16,7 мың қазақстандық амбулаториялық жағдайда емделіп жүр

15 тамыздағы мәлімет бойынша 16,7 мың қазақстандық коронавирустан амбулаториялық жағдайда емделіп жүр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 20 194 адам емделіп жүр. Олардың арасында 109 бала бар. Стационарларда 3 457 науқас жатыр. 16 737 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 404 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 106 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 79 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.