17 там, 2020 сағат 06:01

Коронавирус симптомдары бар пневмонияға тағы 141 адам шалдықты

Қазақстанда жексенбі күні коронавирус симптомдары бар пневмония 141 адамнан анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 141 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан бүгінге дейін ауырғандардың жалпы саны - 18606, 218 адам қайтыс болды.