26 мам, 2025 сағат 13:05

Құлап-сүрініп мәреге жетті

1908 жылы Лондонда өткен Олимпияда да итальяндық әуесқой жеңіл атлетик,  наубайханашы Дорандо Пьетри жеңімпаз атанбаса да көпшіліктің есінде қалды деуге болады.

Осы, 42,5 шақырымды құрайтын марафонда басты фаворит Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Чарльз Хефферсон саналған еді. Алайда, мәреге бір ғана шақырым қалғанда күннің ыстығы кесірінен Чарльз Хефферсонның денсаулығы сыр берген. Ол қарсыластарынан 40 минут алда келе жатқанын пайдалана алмай қалады.

42 шақырымды артқа тастап әбден қажыған Дорандо Пьетри 75 мың көрермені бар стадионға кіргенде мәреге емес, кері бағытқа жүгіре  жөнелді. Төрешілер оған дұрыс бағытты көрсеткенде, әлі құрыған итальяндық жүйрік кері бұрыла алмай сол жерде жығыла кетеді.

Дорандо Пьетри мәреге 500 метр қалса да төрт рет жығылады. 10 минут  уақытын осылай әуремен өткізеді. Әр құлаған сәтте төрешілер оны көтеріп тұрғызады. Соңғы 15 метрде кезекті рет құлаған сәтте төреші мен журналист оның мәреге жетуіне көмектесіп, чемпион атандырды.

Екінші орын алған Америка жүйрігі Джонни Хейс, егер итальяндық спортшыға төрешілер көмектеспегенде, бас жүлде алатындығын алға тартып, шағым жасайды. Нәтижесінде Дорандо Пьетри чемпиондық атағынан айырылады.

Итальяндық жүйріктің қанша құласа да, мәреге жетуге деген құлшынысы көпшілікті сүйсіндірді.

Бір қызығы Лондон Олимпиадасы аяқталған соң, АҚШ-та Джонни Хейс пен Дорандо Пьетридың арасында екі рет марафон қашықтығы бойынша жарыс өтіп, екеуінде де итальяндық наубайханашы басым түскен.


Бейсенғазы Ұлықбек
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі