Оқушылардың бірдей киім киюі біздің заманымызға дейін ұзақ жылдар бұрын пайда болған. Тіпті ежелгі Грекияның өзінде оқушылар біркелкі униформа киген көрінеді. Ұзақ уақыт сақталып келе жатқан осы дәстүрді қазіргі уақытта ұстанатын да, ұстанбайтын да елдер бар. Мектеп формасы жай ғана униформа емес, оған қарап мемлекеттің қазіргі мәдени ағымынан хабар алуға болады, тарихи даму кезеңі мен саяси режимін түсінуге және халықтың мінез-құрқын көруге болады.
Жапония
Жапон қыздарының мектеп формасы әлемде ең танымал деуге болатын шығар. Олардың қысқа белдемшелері мен ұзын шұлықтары тіпті әлемдік дизайнерлерге де шабытына арқау болған. Әлеуметтік желіде жапон оқушыларына үкімет етегі қысқа мектеп формасын береді екен деген қауесет тараған. Бірақ шын мәнінде олардың мектеп формасының етегі тізеге дейін жетеді, тек оны оқушылар өздері қысқартып алатын көрінеді.
Фото:dzen.ru