Кеше Елордада қытай жаңа жылы атап өтіліп, Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлин тұрғындарға құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ult.kz.
«Қытай мен Қазақстан таулары мен өзендері байланыстырады, халықтары бір-біріне жақын. Соңғы жылдары екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы серпінді дамуға қол жеткізіп, мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріліп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа «Алтын отыз жылын» сәтті бастады. Екі ел саяси өзара сенімді нығайтуды жалғастырып, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуге маңызды үлес қосып жатыр», -деп мемлекеттік тілде құттықтау айтты Елші.
Өткен жылы желтоқсан айында Қытайдың Көктем мерекесі ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілді. Бұл мереке Қытай халқының бейбітшілік, келісім және бірлік құндылықтарына ұмтылуын білдіреді. Осы құндылықтар қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне өте ұқсайды деп есептейтін Хань Чуньлин «биыл Қытай шығыс күнтізбесінде жылан жылы, сондай-ақ Қазақстанда да осы жануар жыл белгісі саналады» деді.
«Қытай мәдениетінде жылан руханилықтың, даналықтың және өміршеңдіктің символы болып табылады және егін, сәттілікті білдіреді. Алуан-түсті шамдар да қытай халқының отбасы мен өмірге деген ізгі тілектердің символы болып табылады. Қытай және қазақ халықтарының мәдени нышандары мен дәстүрлері ұқсас, бұл екі халықтың мыңдаған жылдар бойы ежелгі Жібек жолындағы қалыптасқан өзара ықпалдастық пен тәжірибе алмасудың айқын көрінісі», -деді ол.
Сонымен қатар Қытай Елшісі Жібек жолындағы өркениеттер алмасуынан бастап, бүгінгі «Белдеу мен жол» бастамасын бірлесіп құруға және Қытай-Қазақстан ортақ тағдырлас бар қоғамдастығын құруға дейін, екі елдің таулары мен өзендері жалғасқан, бір-біріне жақын, өзара тығыз байланыстағы тату көршілер, сенімді дос және жақсы серіктестерге болып қала бермектігін баса айтты.
Хань Чуньлиннің пікірінше жағылған әрбір шам екі өркениет арасындағы мыңжылдық диалогтың тарихын баяндайды.
«Чанъань қаласының түнгі шамдары бір кездері көне Жібек жолы бойындағы түйе керуендерінің сапарын нұрландырса, қазақ даласындағы алау оттары саяхатшы көпестердің суық түндерін жылытқан», -деген елшінің пікірінше дәстүрлі қытай шамдары тек жарық өнері ғана емес, сонымен қатар қытай мен қазақ өркениеттері арасындағы өзара ықпалдастықтың жарқын көрінісі.
Қытай Халық Республикасы Елшісі жаңа жылда қытай тарапы Қазақстанмен бірге дәстүрді жалғастыру шамын жағып, екі ел басшыларының дипломатиясын стратегиялық басшылығымен ғасырлар бойғы Қытай-Қазақстан Жібек жолы достығын жаңа өміршеңдікпен жалғастыруға дайын екенін айтып отыр.
«Қазақстанмен бірге достық шамын жағып, халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын достықтың жаңа парағын ашқымыз келеді. Сондай-ақ, үміт шамын жағып, Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеріп, өңірлік және жаһандық бейбітшілік пен дамуға, адамзаттың ортақ тағдырлас тұлғасы қалыптастыруға үлес қосуға ниеттіміз. Қытай-Қазақстан достығы жаңа дәуірде гүлдене берсін , Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы ағып жатқан өзендей мәңгілік болып, түрлі-түсті шамдар әр адамның арманына жету жолын нұрландырсын!» -деді ҚХР Елшісі өз сөзінде.
Қытай дәстүрі бойынша, Қытай Жаңа жылы шығыс күнтізбесінің бірінші айы аяқталғанша тойланады. Мерекеде көшелер түрлі-түсті шамдармен безендіріліп, аспанға әдемі жарқыраған шамдар ұшырылады. Ән айтылып, би биленеді, халық ақ тілектерін жаудырып, жақсыға ниет етеді.