06 жел, 2022 сағат 17:40

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды


Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

3 желтоқсанда Қызылорда қаласы Полиция басқармасының "102" арнасына белгісіз адамның мұз астындағы мәйіті жөнінде хабарлама түскен.

"Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады" - делінген хабарламада.