05 қаз, 2023 сағат 11:15

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы "Phystech II" АҚ қызметінде тексеру жүргізді.

"Компания қызметінде жұмысшылардың еңбек құқықтарының бірқатар өрескел бұзушылықтары, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталды" - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 млрд. теңге сомасына залалды өтеп, 70 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар төлеген.