27 жел, 2024 сағат 13:55

Марат Омаров – Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті

Фото:prosports.kz

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XXVII Сайлау конференциясы өтіп, жаңа президент сайланды. Ең көп дауыс жинаған Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді,  -деп хабарлайды Ult.kz .

Марат Омаров 1988 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келді. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британияның Йорк университетін «Философия, саясаттану және экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітіріп, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.