01 шіл, 2022 сағат 12:45

Мәжит Шәріпов қызметінен кетеді


Мәжит Шәріпов 4 шілдеде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" басшысы қызметінен кетеді. Бұл туралы компания сайтында хабарланды.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов компанияның басқарма төрағасы - директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.

Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов басқарма төрағасының міндетін атқарады.