13 мам, 2025 сағат 10:05

Медбикелерге рецепт жазуға рұқсат берілмек

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда медбикелерге кейбір дәрі-дәрмектерді тағайындауға рұқсат беру мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды Ult.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты заң жобасын әзірлеп жатыр. Мақсат – медициналық көмекті қолжетімді ету, әсіресе ауыл-аймақтарда.

Жаңа ереже қабылданса, медбикелер қарапайым дәрілерге рецепт жазып, науқастарға жедел көмек көрсете алады.